«Dara» президенттік бастамалар қоры

Миссиямыз:

Қор ұлттың дамуы үшін өз әлеуетін іске асырғысы келетін ел азаматтарын қор қызметі арқылы тарта әрі қолдай отырып, президенттік бастамаларды жүзеге асыруға ықпал етеді.

  • #
  • #
  • #
  • #
  • #
  • #

Біздің құндылықтарымыз:

  1. Әлеуметтік өзектілігі мен тиімділігі:

    Біз қоғам мен азаматтарға нақты оң әсер ететін және олардың өмірі мен әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететін жобаларды бағалаймыз.

  2. Ашықтық пен жауапкершілік:

    Біз ресурстар мен жобаларды адал және жауапты басқаруды қамтамасыз ете отырып, қызметімізде ашықтықты ұстанамыз.

  3. Сенім және ынтымақтастық:

    Біз өз қызметімізде сенімді қарым-қатынас орнатуға үлкен мән береміз. Біз миссиямыз бен мақсаттарымызды алға жылжыта алатын ынтымақтастық пен қолдау атмосферасын бағалаймыз.

  4. Тұрақтылық және кәсібилік:

    Біз тұрақты тәжірибелерді ұстанамыз және жобаларымызды жүзеге асыруда жоғары кәсібилікке ұмтыламыз.

Стратегиялық бағыттар:

Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға ықпал ету

Біз өз тарихымыз бен дәстүрлерімізді мақтан тұтамыз және олар қазіргі қоғамдағы ауқымды дамуға шабыт бере алады деп сенеміз. Президент Қазақстанның мәдени мұрасын жан-жақты дәріптеудің маңыздылығын атап көрсетеді. Біздің қор уақыт сынынан өткен және болашақ ұрпаққа мұра болып қалған ұлттың көп қырлы мәдениетін насихаттауға күш салысуға арналған. Қор өз жобалары арқылы көпшілікке қазақстандық мәдениеттің байлығын ашуға мүмкіндік береді. Біздің мәдени мұрамызды білу және түсіну қазақстандықтардың ұлттық бірегейлігін нығайтуға ықпал етеді деп сенеміз.

Қазақстандықтардың саналы азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ету

Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құруға, Отанымызды өркендетуге әрқайсымыз үлес қоса алатындығына сенімді. Ол үшін отаншылдығымызды және елге жанашырлығымызды нақты іспен көрсетуіміз керек екендігін, Адал азамат болуға ұмтылуымыз қажеттігін атап өтті. Біз мықты қоғам адал азаматтықтың арқасында құрылатынына сенімдіміз, яғни қоғам мүшелері өз іс-әрекетінің халық пен мемлекетке тигізетін салдарын түсініп, оған мән беруі арқасында. Біздің қор саналы азаматтық белсенділікке ықпал ететін білім беру бағдарламаларын, зерттеулер мен іс-шараларды ұйымдастырады. Біз азаматтық құқықтар мен міндеттердің мәнін халыққа ашуға бағытталған бастамаларды қолдаймыз. Сонымен бірге оларды қоғамдық істерге қатысуға шақырамыз.

Қазақстанда креативті индустрияларды жүйелі дамытуға ықпал ету

Мемлекет басшысы елдің креативті индустриялардағы орасан зор әлеуетін толыққанды жүзеге асыру үшін нақты қадамдар жасау қажеттігі туралы сөз қозғайды. Біздің қор Қазақстанда креативті индустриялардың өсуіне жағдай жасауға көмектесуге ұмтылады. Еліміздегі креативті экономиканың кең ауқымды дамуына шамасынша үлес қосатын жобалар қолға алынуда және қолдау табуда.

Қор тарихы

  • "Dara" Президенттік бастамалар қоры” қоғамдық қоры 2022 жылы 14 шілдеде Президент алға тартқан Қазақстанның болашағы туралы көзқарасқа сәйкес адами капиталды дамытуды қолдау мақсатында құрылды.

  • Қор өзінің назарын адам әлеуетінің өркендеуі үшін жағдай жасауға бағыттайды, өйткені қазіргі қоғамда бұл ресурс бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторына айналуда, ал оның әлеуеті халқымыздың болашақ келбетін анықтайды.

  • Қордың құрылуы адами капитал мен оның әлеуеті шешуші рөл атқаратын қоғамды дамытудың қажет болғандығына жауап ретінде орын алды. Біз еліміздің азаматтарына ел болашағын қалыптастыруға белсенді қатысуға мүмкіншілік бере отырып, адами әлеуетті дамыту институты болуға ұмтыламыз.

  • Біз өз рөлімізді барлық мүдделі тараптардың арасындағы байланыстырушы буын болу деп қарастырамыз. Бұл мемлекеттік институттар, бизнес қауымдастығы және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін қамтиды.

  • Біздің күш-жігеріміз ел азаматтарының әлеуетін дамытуға және Қазақстанның ұзақ жылдар бойы өркендеуіне ықпал ететініне сенімдіміз.

Серіктестер

  • Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені
  • New York Film Academy
  • QazExpoCongress
  • Ұлттық зияткерлік меншік институты